«Кедентранссервис» АҚ ААФ қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

«Кедентранссервис» АҚ ААФ қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мұнай-газ өнеркәсібін және жару жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдың 4 мен 26 мамыр аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулердің жартыжылдық кестесіне сәйкес «Кедентранссервис» АҚ ААФ қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

«Кедентранссервис» АҚ ААФ мынадай қызметтерді орындайды темір жол тасымалдары, контейнерлік жүктерді тасымалдау, дөңгелекті көлік құралдарын, халықаралық және қашыққа тасымалдауды.  Көлік және экспедиторлық агенттік (қызметтер), және тағы басқалар. Сонымен қатар мамандандырылған  қойма  қызметтерін.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды, соның ішінде жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптары сақталмаған.

Жіберілген бұзушылықтар үшін «Кедентранссервис»  АҚ ААФ ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғай отырып және қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, заңдылықты бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.