Баспасөз релизі ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің техникалық кеңесінің отырысы бойынша

Баспасөз релизі ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің техникалық кеңесінің отырысы бойынша

2021ж. 17 мамырында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті онлайн режимінде "АрселорМитталТеміртау" АҚ (бұдан әрі – «АМТ» АҚ) болат департаментінің «Қауіпті өндірістік объектілердің техникалық қайта жарақтандыру бойынша жиынтық жоспардың орындалуы және жазатайым оқиғалардың, оқыс оқиғалардың және авариялардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жағдайы туралы» мәселелер бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік техникалық кеңесінің отырысын өткізді.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары К.А. Есенеев төрағалық етті, ол «АМТ» АҚ өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтеген қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғыларды уақтылы жаңарту бөлігінде өз кәсіпорнында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы проблемалық мәселелерді және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оң нәтижелерді шешу үшін жеткілікті күш жұмсамайтынын атап өтті. Анықталған бұзушылықтардың талдауы «АМТ» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының тұрақсыз жағдайды көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, егер бұл мүмкіндікті сарапшы ұйым растаған жағдайда, жабдықты белгіленген мерзімнен артық пайдалануға болады, бұл моральдық ескірген жабдықты перспективаға ауыстыру мерзімін жылжытуға мүмкіндік береді. Осыдан негізгі қорлардың жалпы ескіруі, жоспарлы-ескерту жүйесінің орындалмауы, бұл жабдықтың техникалық жай-күйінің деңгейін төмендетеді және өндірістегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың өсу тәуекелі туындайды.

Баяндамамен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы (Теміртау қ.) Р.Б. Абсалямов сөз сөйледі. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтар «АМТ» АҚ-да жылдан-жылға қайталанып, анықталып келеді, бұл Департаменттің 2021ж. 05.04. бастап 2021ж. 23.04. дейін ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексеруде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 331 бұзушылықтардың анықталуымен тағы бір рет расталады. 291 700 теңге көлемінде 100 АЕК әкімшілік айыппұл салынды. 20 объектіні тоқтата тұру үшін Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз 26.04.2021 жылы берілді.

«Азаматтық қорғау туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағы 14-тармаққа сәйкес ұйымдарға: «Нормативті пайдалану мерзімін аяқтаған техникалық құрылғылардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету үшін» жыл сайын «АМТ»АҚ «Қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын» жасайды және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен келісіледі.

Жиынтық жоспардың тармақтары толығымен орындалмай, жылдан жылға жаңа жиынтық жоспарларға ауысады, мысалы 2021 жылғы жиынтық жоспар 25 пункттен тұрады, оған 2020 жылы орындалмаған 7 тармағы кіреді.

2017-2021 жылдары «АМТ» АҚ қауіпті өндірістік объектілерін техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын сақтамау кәсіпорынның жұмысшы персоналының қауіпсіздігі мен өмір сүруіне тікелей әсер ететіндігін атап өткен жөн.

Кеңеске «АМТ» АҚ өкілдері, өндіріс бойынша директоры - В.И. Яблонский  мен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі директоры - А.Е.Маркин қатысты.

«АМТ» АҚ өндірістік бақылау «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Осыған қарамастан, Заңға енгізілген өзгерістерге және өндірістік бақылау функцияларын кеңейтуге байланысты жауапты адамдар штатын кеңейту қарастырылатын болады. Нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарланады. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығындар жыл сайын қауіпті өндірістік объектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеу кезінде ұсынылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстар жалғасуда, тексеру барысында анықталған барлық бұзушылықтар орындауға қабылданды, тексерулер мен Жиынтық жоспардың іс-шараларының нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарларын орындау үшін басшылардың жауапкершілігі күшейтілді.

Кеңестің нәтижелері бойынша «АМТ» АҚ Техникалық кеңестің орындалу мерзімі бар шешімі бар хаттама жіберілді.