Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. «Қарағанды Тау-кен құрылыс кәсіпорны» ЖШС кәсіпорнының авариялық жағдайларға дайындығын тексеру.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. «Қарағанды Тау-кен құрылыс кәсіпорны» ЖШС кәсіпорнының авариялық жағдайларға дайындығын тексеру.

Аварияға қарсы жаттығулар қиын жағдайларда қызметкерлерді жұмысқа психологиялық даярлау, оқытудың тиімді құралы болып табылады. Осындай жаттығулардың бірін қауіпті өндірістік объектіде өткізу туралы бапта көрсетіледі.
Түйінсөздер: өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпті өнідрістік объект, апатқа қарсы жаттығулар, апат кезіндегі әрекеттер, апаттарды жою жоспары, апаттан құтқару қызметі, оқу-жаттығу дабылы, объектінің дайындығын тексеру,апат туралы хабарлау.
Аварияны жою жоспарының іс жүзіндегі жағдайына сәйкестігін анықтау үшін және «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Қазақстан Республикасы Заңының(2021 жылғы 01.04 жағдай бойынша өзгерістер мен толықтыруларымен) 81-бабының 1-тармағы негізінде «Қарағанды Тау-кен құрылыс кәсіпорны» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілерінде, өндірістік учаскесі, жарылғыш материалдардың жылжымалы қоймасы, автономды араластыру-зарядтау машинасы, жарылыс жұмыстарын жүргізу, оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығулар ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
Объектіні бағалау және тексеру, персоналдың қосалқы шығу жолдарын білуі, өрт сӛндіру құралдарын пайдалана білуі және «Қарағанды Тау-кен құрылыс кәсіпорны» ЖШС (ЖМ қоймасы) алғашқы медициналық кӛмек кӛрсету дағдылары үшін оқу дабылы жүргізілді. Тексеруді ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бӛлімі «Өрт сөндіруші» ФАО АҚҚ ПАСЧ – 9 АҚЖ бөлімшесімен бірлесіп АЖЖ-1 (ЖМ қоймасы аумағындағы едендік ӛрт) позициясын пысықтау бойынша жүргізді. Сондай-ақ бөлімшелердің дайындық деңгейі, авариялық-құтқару қызметінің жауынгерлік есептоптарының апат орнына уақтылы келуі анықталды.
Оқу дабылы жарияланған сәтте ЖМ қоймасында кәсіпорынның 14 қызметкері болды. Әзірленген Жедел жоспарға сәйкес кәсіпорынның бақылау-өткізу пунктіне «Қарағанды Тау-кен құрылыс кәсіпорны» ЖШС Шығыс қоймасы аумағында пайда болған өрт, шөп жамылғысының жануы туралы ақпарат келіп түсті. Авариялық-құтқару қызметінің жедел взвод бөлімшесі апат орнына шығып, ЖМ қоймасының командалық пунктіне келіп, авариялық-құтқару жұмыстарының жауапты басшысынан тапсырма алды.
«Өрт сөндіруші» ФАО АҚҚ ПАСЧ-9 бөлімшесінің ЖМ қоймасы аумағында шартты өртті сӛндіру бойынша іс-әрекеттері үйлестірілді. Оқу дабылы барысында өрттің таралуын болдырмау мақсатында, бірінші кезекте ЖМ қоймасы жағына өртке қарсы жолақтың шымын алу үшін фронтальды тиегіш жұмыс істеді, инженерлік-техникалық қызметкерлердің аварияны жою жӛніндегі іс-қимылдарына мониторинг жүргізілді, сондай-ақ қатысушылардың авариялық жағдай кезінде өздерінің лауазымдық міндеттерін білуіне іріктемелі сауалнама жүргізілді.
Оқу дабылы аварияны жою жоспарына сәйкес белгіленген талаптар бойынша өтті, алайда тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бӛлімінің мамандары мынадай кемшіліктерді анықтады:
- №1 қосымшада шұғыл қызметтердің телефондары кӛрсетілмеген;
- АЖЖ жедел бөлімінде «адамдарды құтқару және жою жөніндегі іс-шаралар» бағанында «жедел медициналық көмекті шақыру» позициясы көрсетілмеген.

ҚР ТЖМ КҚПД
Қарағанды облысы бойынша бас маманы А. Қ. Тоқаев