2021 жылы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Б.А.Шалабаев өткізген кездесу.

2021 жылы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Б.А.Шалабаев өткізген кездесу.

2021 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғасы Б.А.Шалабаев «КПО б.в» ЖТАҚ - ның қауіпті өндіріс объектілеріне ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізуге Ақсай қаласына іс-сапарға шығуына байланысты мұнайгаз, мұнай-химия өнеркәсібіндегі және магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас мамандары Ш.Ақылбековпен, Ж.Исатаевпен, Б.Мубараковпен, тау-кен өнеркәсібіндегі және жару жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бөлім басшысы Е.Сүлейменовпен, бас маманы Т.Айтқалиевпен және қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстары объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы А.Иманғалиевамен, Е.Тоқсанбаевпен тексеріс кезінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» нормаларын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, ҚР «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы» заңы және Жол қозғалысы ережесі талаптарын мүлтіксіз орындау жөнінде әңгімелесу-кеңес өткізді. Сондай-ақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жарияланған коронавирус пандемиясына қарсы облыстық бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес белгіленген карантиндік  шаралардыда қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді.