2021 жылғы 05 мамырда ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде жүк көтергіш механизмдерді пайдаланатын ұйымдармен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын қамтамасыз ету сұрағы бойынша дөңгелек үстел өткізілді, сонымен бірге 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруалар қарастырылды.
Кіріспе сөзбен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысы Д.О. Тлеубаев сөз сөйледі. Басшы кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқытық актілерге енгізілген соңғы өзгерістерді қозғап өтті.
Дөңгелек үстел барысында, көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Г. Бабаевтың баяндамасында ҚР «Азаматтық қорғау туралы» және тағыда басқа заңнамалар бойынша біршама өзгерістер толық қозғалды. Соның ішінде, өндірістік қауіпсіздікті жүргізуге жауапты тұлғалардың рөлін күшейту, сондай-ақ, өзінің нормативтік мерзімін өткерген қауіпті техникалық құрылғыларды уақытылы жаңарту туралы айтып өтті.
Құрылыс нысандарында крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ережелердің талаптарын қатаң сақтауға дөңгелек үстелге қатысушылардың ерекше назары аударылды. Атап айтқанда, электр беру желілерінен және ауа сызықтарынан қауіпсіз ара қашықтықты, қалалық транспорттардың қозғалыс және жаяу жүргіншілердің орнын қамтамасыз ету, сонымен қатар құрылыс бөлшектерін және материалдарды қатарлауға және қоймалау орындарына крандарды жақындатуға қауіпсіздік арақашықтығын қамтамасыз етуге.
Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар көтерілген сұрақтарды талқылады.
Қорытындылар/ұсыныстар:
- Департаменттің қадағалауындағы кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді жұмыс барысында қолдану және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Заңдарын сақтау.
- қауіпті өндірістік объектілердегі техникалық құрылғыларды пайдалану бойынша өнеркәсіптік бақылауды күшейту, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлердің сапалы даярлығы мен куәландырудан өтуін қамтамасыз ету.
- қауіпті өндірістік объектілердің техникалық қайта жарақтандырылуын, күрделі жөнделуін, жаңғыртылуын, консервациялауын, жойдырылуын уақытылы жүргізу.