«Алюминий Казахстана» АҚ Краснооктябрь кен-боксит басқармасы филиалы қауіпті өндірістік объектілерінде ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

«Алюминий Казахстана» АҚ Краснооктябрь кен-боксит басқармасы филиалы қауіпті өндірістік объектілерінде ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ мамандарымен «Алюминий Казахстана» АҚ Краснооктябрь кен-боксит басқармасы филиалының қауіпті өндірістік объектілерінде ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

Кәсіпорын пайдалы қазба – бокситті өндіруді жүзеге асырады. Кен қайта өңделу үшін Павлодар алюминий зауытына жеткізіледі.

Өткізілген тексеру нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары тармақтарының 77 бұзушылықтары анықталды. Заңды тұлғаға айыппұл салынды. 

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынның инженерлік – техникалық жұмыскерлерімен техникалық жиналыс өткізілді.