
Қазақстан Республикасының 29.10.2015ж. №375-V бекітілген «Кәсіпкерлік кодексі» 139б. 18 т., 141б. 2т. 6т.), 144б. 1т., 148б., сондай-ақ Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комиетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімі (Жезқазған қ.) өнеркәсіптік қауіпсізідк саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімі (Сәтбаев қ.) және қауіпті техникалық құрылғыларды, мұнай-химия объектілерін және магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімімен (Жезқазған қ.) бірлесіп 09.03.2021ж. – 30.03.2021ж. аралығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақтауы тұрғысынан «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Құю-механикалық зауытына ерекше тәртіппен тексеру жүргізді.
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС ҚМЗ қызметінің негізгі түрлері - тау-кен, байыту, металлургия кәсіпорындарының жабдықтарына қосалқы бөлшектер мен тораптарды дайындау. Зауыттың құрылымы төрт негізгі цехтан тұрады: құйма-болат құю цехы, шойын құю цехы, дәнекерлеу-ұста цехы және механикалық цех. Сондай-ақ зауыт құрылымына модельдік цех және автокөлік цехы кіреді.
Қауіпті өндірістік объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларына қатысты тексеру барысында өнеркәсіптік жабдықтың қауіпсіз жұмысы, технологиялық процестің жай-күйі және өндірістік бақылауды жүргізу тексерілді.
Тексеру барысында 177 өнрекәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылық анықталды.
Кодекстің 152-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпорын басшылығына тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол бергені үшін «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС заңды тұлғасы әкімшілік жазаға тартылып, 145850 теңге сомасына айыппұл салынды.