
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдың 12 мен 28 сәуір аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулердің бірінші жартыжылдық кестесіне сәйкес Атырау облысы, Құлсары қаласында орналасқан "Казкомсервис" ЖШС-ң қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
"Казкомсервис" ЖШС 1994 жылы "Теңізшевройл" БК бастамасымен байланыстың цифрлық түрлерін: деректерді беруді, телефонияны және радиотранкингтік байланысты қамтамасыз етуге қабілетті телекоммуникациялардың қазіргі заманғы инфрақұрылымын ұйымдастыру мақсатында құрылған "Казкомсервис" ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын сертификаттау, байланыс жүйелері мен желілерін, мұнай-газ саласы объектілерін пайдалану, электрмен жабдықтау жүйелері мен желілерін пайдалану, көлік қызметтерін ұйымдастыру саласында қолданылатын экологиялық менеджмент бойынша ISO 14001:2015 халықаралық сәйкестік сертификатына ие. Компания үшін қауіпсіздік және денсаулық сақтау саясаты маңызды және басым бағыт болып табылады, оны растау үшін компанияда кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті бойынша OHSAS 180001-2007 сәйкестік сертификаты бар.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 9 (соның ішінде 3-і өрескел бұзушылық) бұзушылығы анықталды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін «Казкомсервис» ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша электрондық протокол толтырылып қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, заңдылықты бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Хаттама арнайы бағдарлама бар планшеттің көмегімен интернет арқылы жасалды. Департаменттің әрбір мемлекеттік инспекторы бағдарламаға кіру үшін өзінің жеке паролі арқылы ӘҚБТ-ға онлайн қосылады (Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі).
«Казкомсервис» ЖШС-не ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 4-тармағында көзделген құқықтар түсіндірілді, оларды бақылау және қадағалау субъектісі қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындардың қажеттілігіне байланысты нұсқаманың кейбір тармақтарын жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініш бере отырып пайдаланды.