Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру "Атырауинжстрой» ЖШС

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру  "Атырауинжстрой» ЖШС

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2021 жылдың 6 сәуірден бастап 21 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес, "Атырауинжстрой" ЖШС қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізілді.

"Атырауинжстрой" ЖШС 1999 жылы құрылған, қызмет саласы: жол және инфрақұрылымдық құрылыс.

"Атырауинжстрой" компаниясы автомобиль жолдарын, тротуарларды, жол өткізгіштерді, жаяу жүргіншілер мен автомобиль көпірлерін салу мен қайта жаңартуға, әуеайлақ жабындарын жөндеуге, инфрақұрылымдық құрылысқа, аумақты абаттандыруға, жер жұмыстарының барлық түрлерін өндіруге маманданған. Атырау және Қазақстанның басқа өңірлері үшін құрылысты басқаруды, бақылауды және бас мердігерлік қызметтерді қамтамасыз етеді.

Тексеру барысында ҚР «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптары бойынша 21 бұзушылықтар анықталды.

"Атырауинжстрой" ЖШС қатысты тексеру және инспекциялау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынды.

 

Дайындаған: салааралық қадағалау бөлімі

ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша департаменті