«Торғай - петролеум» АҚ-на жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерудің пресс релизі.

«Торғай - петролеум» АҚ-на жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерудің пресс релизі.

2021 жылғы 06 сәуір  21 сәуірге дейінгі кезеңде ҚР ТЖМ-нің   өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2021 жылдың І жартыжылдығына арналған тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес, тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауы тұрғысынан «Торғай - Петролеум» АҚ-на қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

«Құмкөл»  мұнай-газ кен орны Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Ұлытау ауданы аумағындағы Торғай ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ең жақын елді мекендер теміржол станциялары: Жалағаш (150 км), Жосалы (210 км), Қарсақпай (180 км). Облыс орталықтарының Қызылорда қаласы мен Жезқазған қаласына дейінгі ара қашықтығы тиісінше 180 км және 280 км құрайды.

Тексеру барысында келесі объектілер тексерілді: "Құмкөл" кенорны ұңғымалары,  мұнайды дайындау және айдау учаскесі, мұнай және газ өндіру цехы, сығымдау сорғы станциясы, суды алдын ала ағызу қондырғысы, топтық қондырғы, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы.

Тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 35 бұзушылық анықталды.

Анықталған негізгі бұзушылықтар:

-  ДНС 30 бастап ГУ - 38 D-273мм дейін мұнай коллекторына ревизия жүргізілмеген (іске қосу жылы -2020ж).

-  УПСВ-3. ГУ - 35,36 және ДНС-39 D - 273мм кіріс коллекторына ревизия   жүргізілмеген (іске қосу жылы - 2020ж).

-   № 3079 ұңғымада штуцер дроссель желісіне қамыт орнатылған. №2190D ұңғымасында ГУ-35 АГЗУ желісіне қамыт орнатылған.

-  №№ 2240,2309,2512,2717. Ұңғымаларда үш жүрісті кран жұмыс істемейді. №№ 2384,2183. Ұңғымаларда үш жүрісті кран қойылмаған.

-  Жөндеу жұмыстарынан кейін РВС-5000 №302/2 ыдысын жұмысқа қосу үшін техникалық басшының жазбаша рұқсатымен қабылдау актісі ұсынылмады. (коррозиялық қаяуларды (свищ) жою бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген).

-   БКНС-3а сорғы станциясындағы технологиялық құбырлардың коррозиялық тозуы бар. (пісіру арқылы коррозиялық қаяуларды (свищ)  жою бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген).

- УППН. ЦНС 60-425 -2 сорғысы орнатылмаған. Резервтік сорғылар іске қосуға тұрақты әзірлікте болуы тиіс.

Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпорын басшылығына тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Жол берілген бұзушылықтар үшін «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298 - бабының 1-бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 145 850 теңге қысқартылған (50 %) түрде  «Торғай - Петролеум» АҚ - заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, «Торғай-Петролеум» Акционерлік қоғамына тиесілі «Құмкөл» кен орнындағы «Мұнайды дайындау және айдау учаскесінен «ҚазТрансОйл» Акционерлік Қоғамы жүйесіне қосу торабына дейінгі диаметрі Ø377 мм, ұзындығы 14,5 км құрайтын мұнай құбырының (УППН-ПККР)» қолданысын уақытша тоқтату  туралы талап-арыз Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды. (Құбырдың нақты техникалық жағдайын анықтау мақсатында жүргізілген техникалық диагностикалау және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысына сәйкес құбыр одан әрі қауіпсіз пайдалануға жарамсыз. «NDT Pro Servis» ЖШС-нің  №01-KZ-20-8100-0331 от 09.10.2020жылғы  №30-20  тіркеу номерілі сараптама қорытындысы. Өнеркәсіптік қауіпсіздік аттестат №KZ70VEK00007523  от  08.02.2018г.).