Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Табынай» ЖШС - нің қауіпті өндірістік объектілерінде тексеру жүргізді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Табынай» ЖШС - нің қауіпті өндірістік объектілерінде тексеру жүргізді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары тексерудің жартыжылдық кестесіне сәйкес 2021 жылғы 13-20 сәуір аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Табынай» ЖШС - нің қауіпті өндірістік объектілерінде тексеру жүргізді.

«Табынай» ЖШС - нің қызметі - шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру болып табылады. Осы жұмыстарды жүргізуге заңды тұлғаның 28.11.2008ж. №002370 мемлекеттік лицензиясы бар.

«Табынай» ЖШС-не  қарасты Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранкөл кентінің жанында орналасқан «Табынай» мұнай-газ кен орны бар (облыс орталығы Ақтау қаласынан «Табынай» кен орнына дейінгі қашықтық - 500 км).

Тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар келесі нысандарды тексерді: ұңғымаларды, топтық өлшеу қондырғысын, мұнай дайындау қондырғысын, мұнай сақтауға арналған резервуарларды, химиялық зертхананы.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүргізген тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидалар мен нормалардың 19 бұзушылығы анықталды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін «Табынай» ЖШС - не ҚР ӘҚБтК 298-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғай отырып, заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және қысқартылған өндіріс тәртібімен әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл заңмен белгіленген мерзімде өндірілді.

«Табынай» ЖШС-не ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 4-тармағында көзделген құқықтар түсіндірілді, оларды бақылау және қадағалау субъектісі қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындардың қажеттілігіне байланысты нұсқаманың кейбір тармақтарын жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініш бере отырып пайдаланды.