
2021 жылдың бірінші жарты жылдық кестесі бойынша бекітілген 30.03.2021ж. - 19.04.2021ж. аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай-құбыры басқармасында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің қауіпті техникалық құрылғыларды, мұнайхимия объектілері мен магистральді құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімі (Жезқазған қ.) ерекше тәртіппен тексеріс өткізді.
«ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай-құбыры басқармасының негізгі қызмет түрі мұнайды құбырмен тасымалдау болып табылады. Кәсіпорын құрамына ГНПС «Құмкөл», ГНПС «Жұмағалиева», НПС «Барсенгир», МҚ «Павлодар-Шымкент» участігі 846,6 км ден 1210,663 км, МҚ «Құмкөл -Қарақоиын» участігі 0 км ден 198,9 км, 445 жұмыскерімен кіреді.
Ерекше тәртіп бойынша тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын қауіпті техникалық құрылғыларды қоса алғанда, «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай-құбыры басқармасының барлық объектілері қамтылды.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай-құбыры басқармасы басшылығына бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, 19.04.2021ж. №25-23-11-12/4 Тексеру нәтижелері туралы акт және 19.04.2021ж. №25-23-11-12/5 Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай-құбыры басқармасы ҚР ӘҚБ 298б. 1 бөліміне сәйкес 50 АЕК 145 850 теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.