
2021 жылдың бірінші жарты жылдық бекітілген кестесі бойынша 22.02.2021ж. - 15.03.2021ж. аралығында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Жыланды» кенішінде ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімі (Сәтбаев қ.) ерекше тәртіппен тексеріс өткізді.
Кеніштің негізгі қызмет түрі мыс кенін өндіру болып табылады. «Жыланды» кенішінде 355 адамнан тұратын 7 негізгі учаскесі бар. Ерекше тәртіп бойынша тексеру барысында қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын қауіпті техникалық құрылғыларды қоса алғанда, «Жыланды» кенішінің барлық учаскелері қамтылды.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Жыланды» кенішінің басшылығына 2021ж. 15 наурыз Тексеру нәтижелері туралы №25-23-11-11/10 акті және бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып 2021ж. 15 наурыз Бұзушылықтарды жою туралы №25-23-11-11/11 нұсқама берілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС ҚР ӘҚБ 298б. 1 бөліміне сәйкес 100 АЕК 145 850 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.