
2021 жылдың бірінші жарты жылдық кестесі бойынша бекітілген 2021ж. 12.03. - 2021ж. 06.04. аралығында «Қазақмыс Корпорациясы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Оңтүстік Жезқазған кенішінде ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімі (Сәтбаев қ.) ерекше тәртіппен тексеріс өткізді.
Кеніштің негізгі қызмет түрі мыс кенін өндіру болып табылады. Оңтүстік Жезқазған кенішінде 1092 адамнан тұратын 20 негізгі учаскесі бар. Кеніштің құрамына панельдік-бағаналық игеру жүйесімен жерді қазуды жүзеге асыратын №45, №65 шахталар кіреді. Кен өндірудің өндірістік циклдеріне мамандандырылған учаскелер қатысады. Өндіру учаскелері - шпурларды бұрғылау, тау жыныстарын ұру үшін. Тау - кен қазу учаскелері көлденең қазбаларды үңгілеуді орындайтын учаскелер. Жарылыс учаскелері тау - кен массасын ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізетін учаскелер. Бекіту учаскелері тау - кен қазбаларын темірбетон штангалары мен және шашыранды бетонмен бекітетін учаскелер. Рельстік көлік учаскелері тау - кен массасын электровозбен тасымалдауды және қайта іске қосылатын кен түсулерден бастап вагон аударғыштарға дейін жүзеге асыратын учаскелер. Кен көтеру учаскелері - адамдарды клеттік оқпан бойынша көтеруді, кенді скиптік оқпан бойынша көтеруді жүзеге асыратын учаскелер.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Оңтүстік Жезқазған кенішінің басшылығына бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, 06.04.2021ж. №25-23-11-11/20 «Тексеру нәтижелері туралы акт» және 06.04.2021ж. №25-23-11-11/21 «Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама» берілді.
Анықталған өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының бұзушылықтары бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС заңды тұлғасы ҚР ӘҚБ 298 бабының 1 бөліміне сәйкес 145 850 теңге сомасына 100 АЕК көлемінің айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.