«АП-Нафта Оперейтинг» ЖШС-не қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

«АП-Нафта Оперейтинг» ЖШС-не қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мұнай-газ өнеркәсібін және жару жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдың 6 мен 9 сәуір аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулердің жартыжылдық кестесіне сәйкес "АП-Нафта Оперейтинг"ЖШС-ң қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

«АП-Нафта Оперейтинг» ЖШС тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға қызмет түрімен айналысуға 03.04.2017 ж. № 17005604 мемлекеттік лицензия негізінде жұмыстар жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (құзыретті орган) және «АП-Нафта Оперейтинг» ЖШС (жер қойнауын пайдаланушы) атынан "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің 278-бабының 34-тармағына сәйкес 2019 жылғы 12 сәуірдегі №4709-УВС МЭ Қазақстан Республикасының Атырау облысындағы "Кемерколь"кен орнында көмірсутектерді өндіруді жүргізуге арналған келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт 25 жылға тең мерзімге жасалды және 2044 жылғы 12 сәуірге дейін қолданылады.

«Кемеркөл» мұнай кен орны Атырау облысының Қызылқоға ауданында Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауынан шамамен  200 км қашықтықта орналасқан.

Ең жақын елді мекен - кен орнынан 24 км жерде орналасқан Мұқыр кенті. Құрылым 1990 жылы III және V шағылысатын горизонттар бойынша МОГТ сейсмикалық зерттеулерімен дайындалды. Іздестіру бұрғылау жұмыстары 1991 жылы басталды, бұл кен орны ашылған жыл болды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының онға жуық бұзылуы анықталды, соның ішінде өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидаларының, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидаларының талаптары сақталмаған.

Жіберілген бұзушылықтар үшін «АП-Нафта Оперейтинг» ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғай отырып және қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, заңдылықты бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

«АП-Нафта Оперейтинг» ЖШС-не ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 4-тармағында көзделген құқықтар түсіндірілді, оларды бақылау және қадағалау субъектісі қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындардың қажеттілігіне байланысты нұсқаманың кейбір тармақтарын жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініш бере отырып пайдаланды.