
2021 жылғы 13 cәуірде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғасы Б.А.Шалабаев «Казбургаз» АҚ-ның қауіпті өндіріс объектілеріне ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізуге Ақсай қаласына іс-сапарға шығуына байланысты мұнайгаз, мұнай-химия өнеркәсібіндегі және магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Ш.Ақылбеков және қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстары объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Е.Тоқсанбаевпен тексеріс кезінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» нормаларын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, ҚР «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы» заңы және Жол қозғалысы ережесі талаптарын мүлтіксіз орындау жөнінде әңгімелесу-кеңес өткізді.
Сондай-ақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жарияланған коронавирус пандемиясына қарсы облыстық бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес белгіленген карантиндік шараларды да қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді.