«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбыр басқармасына қатысты бұрын берілген нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру қорытындысы.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбыр басқармасына қатысты бұрын берілген нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру қорытындысы.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 18-27 қаңтар аралығында «Интергаз Центральная Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбыр басқармасын 2019 жылғы 04 қазандағы №384–Э бұрын берілген нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған 61 бұзушылықтан  нұсқаманың 3-тармағы жойылмағандығы анықталды, атап айтқанда:

  1. «Союз» магистральдық газ құбыры және «ЛСАЦ-4» магистральдық газ құбыры арасындағы бөгеттің магистральдық газ құбырының желілік бөлігіне құбырішілік диагностика жүргізілмеген.
  2. Сараптама нәтижелері бойынша ұсынылған ТКЦ-3 4А ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілмеген.
  3. Сараптама нәтижелері бойынша ұсынылған ТКЦ-4б ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілмеген.

ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша 2021 жылғы 27 қаңтардағы №212700203000001 хаттама толтырылып, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде берген нұсқаманы орындамау белгілері бойынша Орал қаласының мамандандырылған Әкімшілік Сотына қарауға жіберілді.

Ашық сот отырысының қорытындысы бойынша Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбыр басқармасын заңды тұлғасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша қызметін тоқтата тұрмай 1 020 950 (бір миллион жиырма мың тоғыз жүз елу) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды, ӘҚБтК-нің 829-11-бабын ескере отырып, айыппұл мөлшері отыз пайызға қысқартылып, ол сомма  1 020 950 теңгені  құрайды(1 458 500:30%=1 020 950).