
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Департаменттің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының 6 тармағын орындау мақсатында, Департаментте 2021 жылдың 31 наурызында «Департаменттің инспекторлық құрамымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің АНТИКОР штабының басшысы Абдыхалыков Каиржан Саясатұлының қатысуымен ZOOM- қосымшасы арқылы дөңгелек үстел өткізілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысы Д.Тлеубаев сөз сөйледі, сондай-ақ әкімшілік жұмыстар бөлімінің бас маманы Ф.Аязбектің Департаментте жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің АНТИКОР штабының басшысы Абдыхалыков Каиржан Саясатұлының, сыбайлас жемқорлықтың болдырмау мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама тыңдалып видеоролик көрсетілді.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 Жарлығы және 2021 жылда Департаментте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Баяндаманы тыңдап, шешілді:
- Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында, Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңнамасының нормалары мен принциптерін қатаң сақтау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, жұмысты жалғастыру, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау, ерекше тәртіп бойынша күн сайын бөлім басшыларына тексеру жүргізу, жоспардан тыс және профилактикалық бақылауды жоспарлау кезінде, инспекторлық құраммен Кәсіпкерлік кодексті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерін қатаң сақтау бойынша нұсқаулық жүргізу.
«ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті»