«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» Магистральдық газ құбыры басқармасына қатысты ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексерісі жөнінде.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» Магистральдық газ құбыры басқармасына қатысты ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексерісі жөнінде.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Магистральдық құбыр объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімімен Департаменттің басқа бөлімдерімен бірге 2021 жылдың 5 наурызынан бастап 31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес, "Интергаз Орталық Азия" АҚ «Атырау» Магистральдық газ құбыры басқармасына ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізілді.

"Атырау" Магистральдық газ құбыры басқармасының Газ тасымалдау жүйесі магистральдық газ құбырларының екі дербес жүйесінен тұрады: "Орта Азия –Орталық" (САО) көптармақты газ құбырлары дәлізі түрінде; табиғи газды Солтүстік Кавказға Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанның батыс өңірлерінен "Орта Азия – Орталық" магистральдық газ құбырлары жүйесі арқылы тасымалдауға арналған "Мақат – Солтүстік Кавказ"магистральдық газ құбыры. "Атырау" МГҚБ газ тасымалдау жүйесі трассаларының жалпы ұзындығы 2132,16 км құрайды.

"Атырау" МГҚБ өнеркәсіптік объектілерінде: магистральдық газ құбырларының желілік бөлігі, газкомпрессорлық станция, газ тарату станциялары; компрессорлық станциялардың технологиялық құбырлары, жоғары қысымды ыдыстар, температурасы 115ºС аспайтын 0,07 МПа дейінгі қысыммен жұмыс істейтін ыстық су құбырлары бар су жылыту қазандықтары мен су жылытқыштар т.б. сияқты қауіпті өндірістік объектілері бар.

Тексеру барысында ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы, «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларды іске қосу кезінде өндірістік қауіпсіздік қамтамасыз ету қағидасы», «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар» бойынша 24 бұзушылықтар анықталды.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ "Атырау" МГБ-ға қатысты тексеру және инспекциялау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі және 306-бабы 4-бөлігі бойынша қысқартылған өндіріс тәртібінде айыппұл түрінде әкімшілік  жазаға тартылып, айыппұл  салынды.