«Шұбаркөл Көмір» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

«Шұбаркөл Көмір» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

«Шұбаркөл Көмір» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

2021 жылдың 01 наурызынан 19 наурызына дейінгі кезеңде ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) №1 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімі Департаменттің басқа бөлімдерімен бірлесіп 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізудің бекітілген кестесі негізінде «Шұбаркөл Көмір»  АҚ-ға қатысты тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауы тұрғысынан ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

«Шұбаркөл Көмір» АҚ 1985 жылы «Қарағандыкөмір» бірлестігінде құрылған Шұбаркөл барлау-пайдалану разрезінің құқықтық мирасқоры болып табылады. Шұбаркөл тас көмір кен орны 1983 жылы жоспарлы геологиялық түсіру жұмыстары кезінде ашылды. Кен орнын пайдалану 1985 жылы «Орталық» разрезінің салынуымен басталды, ал 2000 жылы одан батысқа қарай 10 км жерде «Батыс» разрезі салынды. Кен орнының көмірі "Д" маркалы (ұзын жалынды) тас көмірге жатады, әлемдегі күлділігі бойынша ең төмен көрсеткіштердің біріне (тауарлық күлділігі 4-тен 7% - ға дейін), жанудың жоғары жылулығына, күкірт пен фосфордың төмен құрамына ие. Кен орын Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 км қашықтықта халқы аз шөлейт жерлерде орналасқан.

2021 жылғы 02 наурызда объектіде Департаменттің мемлекеттік инспекторларының, «Шұбаркөл Көмір» АҚ вице-президенті мен учаске бастықтарының қатысуымен кеңес өткізілді, онда тексерудің мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, тексеріс тағайындау туралы акт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру парақтары табыс етілді.

Соңғы жылдары кәсіпорынмен денсаулық сақтау және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында келесі жұмыстар жүргізілді:

- технологиялық және қосалқы жабдықтар паркі 6,72 млрд. теңгеге жаңартылды (2 экскаватор, 12 Caterpillar өзі аударғыш жүк машиналары, өзі аударғыш жүк машиналардың ірі габаритті шиналарын монтаждау-демонтаждау жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге арналған шиноманипулятор, разрезде жол салуға арналған 2 Caterpillar жол тегістейтін виброкатоктар, 2 Caterpillar бульдозерлары, су тасушы, 5 ЖКА жүк автомобильдері);

- әрқайсысы 120 орындық 3 жатақхана салынып, пайдалануға берілді;

- 94 көлік құралында спутниктік бақылау, талдау және көлікті басқару жүйесі (СКАУТ) орнатылған. Жоба 2021 жылы да жалғасады;

- «Модулар» тау-кен көлік кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді, оның негізгі міндеттері тау-кен көлігі жабдықтарының өнімділігін арттыру және разрезде технологиялық жолдардың жүктемелігін бақылау болып табылады;

- «Автограф» техникалардың жылжымалы құрамының орын ауыстыруын жерсеріктік бақылау жүйесі енгізілді. Жүйе жергілікті жердің картасында техниканың орналасқан жерін, белгілі бір уақыт аралығында техниканың максималды және орташа жылдамдығын, рейстер мен істелген мотосағаттарды бақылауға мүмкіндік береді;

- биіктіктегі жұмыстар бойынша орталықтандырылған жоба енгізілді және іске асырылуда: 21,5 млн.теңге сомасына сатып алынды және биіктіктегі жұмыстар үшін жаттығу полигоны орнатылды. «Шұбаркөл Көмір» АҚ персоналын полигонды пайдалану арқылы биіктіктегі жұмыстарға практикалық оқыту ұйымдастырылды.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуына қарамастан, тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 73 бұзылуы анықталды.

Кәсіпкерлік Кодексі 152-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпорын басшылығына тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» Кодексінің 298-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Шұбаркөл Көмір» АҚ заңды тұлғасы 291 700 тг. айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 7-тармағына сәйкес Департамент «Шұбаркөл Көмір» АҚ-мен азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты «Автотехинсервис» ЖШС, «Eurasian Machinery» (Евразиан Машинери) ЖШС және «Борусан Макина Қазақстан» ШК ЖШС-да тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында қарсы тексерулер жүргізді. Тексерістер соңында тексеру нәтижелері туралы актілер берілді.