2021 жылдың 23 қаңтарында сағат 01: 20-да «Құрылысмет» ЖШС өндірістік басқармасының және қосалқы бөлшектерін жөндеу цехының пресс-соғу цехының бас ғимаратында орын алған аварияның тергеп-тексеру бойынша

2021 жылдың 23 қаңтарында сағат 01: 20-да «Құрылысмет» ЖШС өндірістік басқармасының және қосалқы бөлшектерін жөндеу цехының пресс-соғу цехының бас ғимаратында орын алған аварияның тергеп-тексеру бойынша

2021 жылдың 23 қаңтарында сағат 01: 20-да «Құрылысмет» ЖШС өндірістік басқармасының және қосалқы бөлшектерін жөндеу цехының пресс-соғу цехының бас ғимаратында орын алған аварияның тергеп-тексеру бойынша

2021 жылдың 23 қаңтарында сағат 01: 20-да «Құрылысмет» ЖШС өндірістік басқармасының және қосалқы бөлшектерін жөндеу цехының пресс-соғу цехының (әрі қарай ПСЦ) бас ғимаратында 2 шатыр плитасы қирауы орын алған. Нәтижесінде жоғарғы жылыту пешінің (қызмет көрсету алаңдарының) беткі қабаты бұзылды. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі No 188-V ҚРЗ Заңымен 84 бабына сәйкес  2021 жылдың 25.01. бастап 2021 жылдың 02.08. дейін  аварияның  мән-жайы мен себептерін тексеру үшін комиссия құрылды.

Комиссия авария болған жерді қарап, куәгерлермен және басы-қасында болғандарды сұрастырып, аварияға жауапты лауазымды адамдармен сұхбаттасқаннан кейін, техникалық құжаттаманы зерттеп, тәуелсіз сарапшылар мен аварияны тергеп-тексеру бойынша сарапшылардың қорытындысын қарастырғаннан кейін, мынадай қорытындыға: шатыр жабыны мен ішкі су бөлу жүйесінің қирауы атмосфералық жауын-шашынның жабын плиталарының мойынтіректер бөлігінен жоғары бетонның сулануымен темірбетон фермаларына енуіне және интенсивті коррозия арматурасының және мойынтіректер бөлігінен болат элементтерінің әсерінен  әкеліп соқты. Нәтижесінде ПП-72, ПП-73 шатыр плиталары Б-В-В1 қатары бойынша 5-6 осьтерінде ПСЦ ғимаратына құлады.

Апатты тексергеннен кейін комиссия: қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғылар жұмыс істейтін пресс-соғу цехының өндірістік ғимаратының меншік иесі (пайдаланушы ұйым) ретінде «Кұрылысмет» ЖШС ПСЦ ғимаратына қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеу бойынша шаралар қарастырмаған.

Комиссия себептерін жою және осыған ұқсас аварияларды алдын алу бойынша «Кұрылысмет» ЖШС-нің орындалу мерзімі көрсетілген 8 шаралар әзірледі, атап айткқанда:

  1. Шатыр жабындарының авариялық жағдайына байланысты газ құбырларын іске қосуға және пайдалануға, пресс-соғу цехының пештері мен жабдықтарының жұмысына тыйым салу;
  2. Қауіпті аймақты қоршауға және шцех қызметкерлерінің ПСЦ ғимаратының қауіпті аймағына кіруіне жол бермеу;
  3. Апаттық шатыр плиталарын пресс-соғу цехы ғимаратының нөсер канализациясының жұмысын қалпына келтірумен ауыстыру.

Бұл шаралардың орындалуы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тұрақты бақылауында болады.