"Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының Нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістер " тақырыбында өткен дөңгелек үстел

"Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының Нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістер " тақырыбында өткен дөңгелек үстел

"Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының Нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістер" тақырыбында өткен дөңгелек үстел.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) 2021 жылдағы 05-ші ақпанында Қазақстан Республикасы ТЖМ Алқасының шешімінің 2-тармағының 2) тармақшасын және 2021 жылға арналған Департамент жоспарының 8-тармағын орындау мақсатында 2021 жылғы 18-ші ақпанында Департаментте "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістері" тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Департамент басшысы Д.О. Тілеубаев кіріспе сөз сөйледі. сондай-ақ қазандық және газ шаруашылығы объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Г.ДЖумагазиеваның Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістер туралы баяндамасы тыңдалды..

Дөңгелек үстелге шақырылғандардың және қатысушылардың баяндамалары мен жарыссөздері тыңдалып, шешімдер қабылданды:

  1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қауіпті өндірістік объектілер бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістерді, толықтыруларды сақтау мақсатында:

1) Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын барлық кәсіпорындарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаға өзгерістерді, толықтыруларды мүлтіксіз зерделеуге және орындауға міндетті.

2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормалары мен ережелерін сақтау бойынша проблемалық мәселелерді және қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану кезінде Алматы қаласының жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша тексеру парақтарын департаментке жіберсін.

3) Департаментке Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарындағы тиімді және қауіпсіз жүргізу процесін қиындатуға алып келетін қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар жіберу;

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне:

Қауіпті өндірістік объектілер бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалану процесіне енгізудің жүзеге асырылуына тұрақты мониторингті жүзеге асыру.

 ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті