
Қазақстан Республикасының 29.10.2015ж. №375-V бекітілген «Кәсіпкерлік Кодексі» 139б. 18 т., 141б. 2т. 6т.), 144б. 1т. 1т), 148б., сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің бекітілген 2021 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған кестесіне сәйкес Жезқазған қаласы тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімі, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау және қауіпті техникалық құрылғыларды, мұнай-химия объектілерін және магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімдерімен бірлесіп 12.02.2021ж. – 26.02.2021ж. аралығында тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақтауы тұрғысынан «Интеллпром» ЖШС «сілтілік металдардың құрғақ алкидті ксантогенаттарын өндіруде» ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізді.
Қауіпті өндірістік объектіні тексеру кезінде мемлекеттік инспекторлар өндірістік бақылау жүргізу, өнеркәсіптік жабдықтың қауіпсіз жұмысы, технологиялық процесстің режимдік картаға сәйкестігі тұрғысынан айтарлықтай жұмыс жүргізді.
Тексеру нәтижесінде 99 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтары анықталды.
Кодекстің 152-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпорын басшылығына тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол бергені үшін «Интеллпром» ЖШС заңды тұлғасы әкімшілік жазаға тартылып, 72925 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.