Прекурсорларды сақтау қоймасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бағаланды

Прекурсорларды сақтау қоймасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бағаланды

Астана қаласы ТЖД  Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары аталмыш ұйымның өндірістік-техникалық базасына кешенді тексеру жүргізді.

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сұрауы негізінде, прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түріне тиісті лицензия алу үшін қажетті қорытынды әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Тексеру барысында сала мамандары өндірістік нысанның қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкестігін жан-жақты зерделеп, тиісті баға берді. Сонымен қатар, кәсіпорын өкілдеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және қауіпті өндірістік факторлардың алдын алу бойынша қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.