Қауіпсіздік бақылауда: БҚО-да кран-манипулятор толық техникалық куәландырудан өтті

Қауіпсіздік бақылауда: БҚО-да кран-манипулятор толық техникалық куәландырудан өтті

      Батыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторы кран-манипуляторды кешенді тексерістен өткізді. Шара барысында жүк көтергіш құрылғының жалпы жағдайы, негізгі түйіндері, металл конструкциялары, тіреуіштері мен қорғаныш құралдары жан-жақты қаралды. Әсіресе, статикалық және динамикалық сынақтарға басымдық берілді. Статикалық сынақ арқылы құрылымның салмаққа төзімділігі мен орнықтылығы анықталса, динамикалық сынақ жүкті көтеру және тасымалдау кезіндегі механизмдердің жұмыс істеу қабілетін бағалауға жол ашты. Мұндай тексерістер ықтимал олқылықтарды ерте анықтап, жабдықтың қауіпсіздік талаптарына сай екенін айқындауға көмектеседі.

      Инспектордың бұл бастамасы, ең алдымен, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қатаң сақтауға бағытталған.