Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары «AQJAIYQ» телеарнасының «Активная позиция» бағдарламасында сұхбат берді

Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары «AQJAIYQ» телеарнасының «Активная позиция» бағдарламасында сұхбат берді

Эфир барысында автогаз құю станцияларын (АГЗС) пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
«Қауіпсіздік – тәртіп пен белгіленген ережелерді бұлжытпай орындаудан басталады. Әрбір сақталған талап – адам өмірі, денсаулығы және нысандардың тұтастығы», – деп атап өтті басқарма өкілдері. Сондай-ақ, АГҚС басшылары мен жұмыскерлерін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, кемшіліктерді дер кезінде жоюға және оқыс оқиғалардың салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алу әлдеқайда маңызды екенін есте ұстауға шақырды.