
Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы салалық рұқсаттар мен біліктілік талаптарының сақталуына қатысты кешенді тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Бақылау шаралары барысында оқу бағдарламаларының мазмұны, оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігі, материалдық-техникалық базаның жай-күйі, сондай-ақ тыңдаушыларды аттестаттау тәртібінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі жан-жақты зерделенді.
Аталған тексеру жұмыстары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге және мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.