Мемлекет пен бизнестің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылы

Мемлекет пен бизнестің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылы

        Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы елорданың ірі кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен кезекті семинар өткізді. с-шара Министрлік пен оның профильдік комитеті басшылығы қабылдаған бизнеспен өзара іс-қимылдың жаңа тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.

      Семинар барысында өндірісте төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар мен қауіпті өндірістік объектілердің өзара іс-қимыл жасау тәртібі, сондай-ақ «Е-ТЖМ» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін қалыптастыру үшін қауіпті объектілер туралы мәліметтерді өзектендіру мәселелері қарастырылды.

     Жиын соңында жергілікті атқарушы органның, еңбек инспекциясының және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының өкілдері қатысушылардың сауалдарына жауап берді.