Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға беру алдында міндетті сынақтар ұйымдастырылды

Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға беру алдында міндетті сынақтар ұйымдастырылды

      Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторы авариялар мен оқыс оқиғаларды алдын-алу мақсатында «Кублей» ЖШС аумағындағы жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды іске қосу жөніндегі комиссия құрамында қатысты.

      Іске қосу барысында жабдықтардың жай-күйі мен жұмысқа дайындығы жан-жақты сараланды. Комиссия қорытындысы бойынша аталған ыдыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына толық сәйкестігі расталып, оларды қауіпсіз пайдалануға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында рұқсат берілді.