Өнеркәсіптік қауіпсіздік: өңірлік басқармалардың жұмысы онлайн форматта талқыланды

Өнеркәсіптік қауіпсіздік: өңірлік басқармалардың жұмысы онлайн форматта талқыланды

      ҚР ТЖМ  Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары Нұржан Қалдыбекұлының қатысуымен Zoom платформасы арқылы онлайн жиналыс өтті. Оған барлық өңірлік өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармаларының басшылары қатысты. Жиынның күн тәртібінде салалық бақылаудың тиімділігін арттыру және өндірістік нысандардағы қауіпсіздік жағдайы талқыланды.

    Кеңес барысында өңірлік басқарма басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, өзекті түйткілдерді ортаға салды. Талқылау нәтижесінде өндірістік ортадағы тәуекелдерді азайту, нормативтік талаптардың орындалуын қадағалау және кәсіпорындардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Нұржан Қалдыбекұлы алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттарды айқындап, төмендегідей нақты міндеттер жүктеді:

- Қауіпті өндірістік объектілерге бақылауды күшейту;

- Профилактикалық тексерулердің сапасын арттыру;

- Өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

    Жиын соңында қабылданған шешімдер бойынша жұмыс жоспары пысықталып,  тиісті тапсырмалар берілді.