
Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қатысуымен «Karazhal Operating» ЖШС-нің барит кенін өңдеу зауытында Апаттарды жою жоспары (АЖЖ) бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Шара барысында сұйытылған көмірсутек газы алаңындағы өрттің жарылысқа ұласу сценарийі пысықталды. Осы орайда персоналды жедел құлақтандыру, қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, сондай-ақ мекеме қызметтері мен авариялық-құтқару жасағының өзара іс-қимылы және апат салдарын жою бойынша атқарылар іс-шаралардың тиімділігі тексерілді. Жаттығу қорытындысы қатысушылардың төтенше жағдай кезіндегі жедел және үйлесімді әрекет ету дағдыларының жоғары деңгейде екенін айғақтады.