Қауіпсіз өндірістің кепілі – білікті маман

Қауіпсіз өндірістің кепілі – білікті маман

      Мемлекеттік қызметші күніне орай өткен салтанатты жиында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы үздік қызметкерлердің еңбегі ерекше аталып өтті. Жиын барысында көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ришат Маруатович Шаяхметовке  Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бас маманы Ернар Боранбаевич Рустемов марапатталды. Е. Рустемов өндірістік нысандардың қауіпсіздігін қадағалаудағы жауапкершілігі, кәсіби біліктілігі және салаға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Алғыс хатына ие болды.

     Өндірістегі апаттардың алдын алу мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету – департамент қызметінің басым бағыты. Сондықтан бұл саладағы мамандардың қажырлы еңбегі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланды.