
Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік және Мемлекеттік өрт бақылау басқармаларының мамандары бірлескен рейд аясында «Тәуекел», «Алау», «ОралПетГаз», «Neftek Operating», «VenOil», «ТАТ-АЗС Центр-Казахстан» ЖШС-не қарасты бекеттерді тексерді.
Мониторинг барысында нысандардың техникалық жай-күйі, жабдықтардың талаптарға сай болуы және автоматтандырылған жүйелердің үздіксіз жұмысы зерделенді. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға газ бен газ баллондарын пайдалану тәртібі бойынша нұсқаулық берілді.