
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы жергілікті әкімдік өкілдерімен бірлесіп, газ құю бекеттеріне тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Қызметкерлер кәсіпорындарға қауіпсіздік нормаларын сақтау қажеттілігін ескертіп, арнайы жадынамалар үлестірді.
Мамандар әсіресе тұрмыстық баллондарды автогаз станцияларында толтырудың қауіпті әрі заңсыз екенін қатаң ескертті. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі аясындағы жауапкершілік түрлері мен айыппұл салу тәртібі назарға алынды.