Қауіпсіздік мәдениеті: Балаларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру

Қауіпсіздік мәдениеті: Балаларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы  сауда-ойын-сауық орталықтарында лифт және эскалаторларды пайдалану қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. 

Іс-шараның мақсаты – балалар мен ата-аналардың қауіпсіздік талаптары туралы хабардарлығын арттыру және жазатайым оқиғалардың алдын алу. Мамандар тұрғындарға техниканы пайдалану ережелерін баяндап, арнайы жадынамалар тараты. Келушілерге лифт есігіне сүйенбеу, кабина ішінде ойнамау, қозғалыс құралдарына кіру және шығу кезінде абай болу, сондай-ақ төтенше жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі түсіндірілді.  Бұл профилактикалық шаралар жас буын арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, ересектердің жауапкершілігін күшейтуге және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын насихаттауға негізделген.