
Түркістан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС өндірістік алаңдарында бірлескен жаттығу өткізді. Іс-шара барысында диаметрі 1067 мм газ құбырының шығыс шлейфінде болған жарылыс пен өртті оқшаулау іс-қимылдары пысықталды. Мамандар авариялық-құтқару қызметі мен нысан персоналының жеделдігін, техникалық жабдықталу деңгейін және апатты жою жоспарының тиімділігін саралады. Тексеріс қорытындысы бойынша жауапты құрылымдардың дайындығы бағаланып, өндірістік қауіпсіздікті одан әрі күшейту жөнінде тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.