Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Шымкент қаласы ТЖД  Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен мерекелік жиынға белсене атсалысты.

Бағдарлама барысында балаларға арналған сурет байқауы мен түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарының жұмысы таныстырылды.

Жас қатысушылар төтенше жағдайдағы қауіпсіздік ережелерін үйреніп, құтқарушылардың жауапты қызметі туралы мағлұмат алды.

Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз