
Шымкент қалалық ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қолдау көрсетті. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды науқан және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің эстафетасы аясында ұжым сенбілік ұйымдастырды. Шара барысында мекеме аумағы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған бастаманы аймақтағы ірі өндірістік кәсіпорындар да жалғастырды. Атап айтқанда, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс», «Шымкентцемент», «Алтын Дән» ЖШС мен «Химфарм» АҚ өкілдері экологиялық шараға белсене атсалысып, қоршаған ортаны көркеюіне өз үлестерін қосты.