
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Ұлытау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшылығымен онлайн-кеңес өткізді. Жиын барысында «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеу қорытындысы бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды. Кәсіпорын өкілдері су мен газ басу қаупі бар аймақтарды анықтауға бағытталған ғылыми зерттеулер, желдету жүйелерінің жай-күйі, кенішті аэрогаздық бақылау құралдарымен жабдықтау және қосымша техниканы жеткізу мерзімдері туралы есеп берді. Сондай-ақ, ауа құрамын тұрақты бақылау нәтижелері мен газдың қайталану қаупі жан-жақты талқыланды. Кеңес қорытындысында авария салдарын жоюға қатысты жоспарланған жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы орындау қажеттігі ерекше атап өтілді.