
Алматы қаласында «Лауэ-Ланжевен институтының зерттеу реакторы және нейтрондық қондырғылары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өз жұмысын аяқтады. ҚР Ұлттық ғылым академиясында өткен төрт күндік жиынның негізгі тақырыбы іргелі жаңалықтармен қатар, нейтрондық физиканың озық әдістерін Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне ықпалдастыру мәселесі болды.
Елімізде алғашқы АЭС құрылысы қарсаңында инфрақұрылымның сенімділігін қамтамасыз ету басты назарға шықты. Нейтрондық зерттеулер саласындағы әлемдік көшбасшы — француздық Лауэ-Ланжевен институтымен (ILL) ынтымақтастық қазақстандық ғалымдарға аса дәлдіктегі бүлдірмей бақылау (неразрушающий контроль) технологияларына қолжетімділік береді. Бірегей нейтрондық ағындарды пайдалану индустрияның мынадай маңызды міндеттерін шешуге мүмкіндік береді:
Қазақстанның ILL бағдарламаларына қосылуы еліміздегі салынып жатқан және қолданыстағы өнеркәсіптік нысандарда мониторинг пен қорғаныстың ең қатаң халықаралық стандарттарын енгізуге жол ашады.