Стратегиялық нысанда апатқа қарсы дайындық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды

Стратегиялық нысанда апатқа қарсы дайындық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды

Жамбыл облысы. Ақбұлым ауылында жоспарлы оқу дабылы іске асырылды. Бұл жиын «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральді газ құбырлары филиалының базасында өтті. Негізгі мақсаты – адам өмірін қорғау және материалдық шығынды барынша азайту. Тактикалық дайындық барысында технологиялық апат пен өрттің алдын алу амалдары пысықталды. Осындай тәжірибелік жұмыстар маңызды кешендердің қорғанысын күшейтуге септігін тигізеді.