Жарылғыш материалдарды есепке алу және сақтау қауіпсіздігі бақылауға алынды

Жарылғыш материалдарды есепке алу және сақтау қауіпсіздігі бақылауға алынды

Атырау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы жарылғыш заттарды сақтайтын және жару жұмыстарын жүргізетін бақылаудағы кәсіпорындар өкілдерімен ресми кездесу өтті. Жиын барысында қатысушыларға өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш материалдарды есепке алу мен сақтауға қойылатын заңнамалық талаптар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мамандар қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындаудың маңыздылығына тоқталды. Жарылғыш материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қателіктердің салдары ауыр болатынын ескертіп, бақылау шаралары тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.