Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы: Жарылғыш заттар айналымындағы қауіпсіздіктің жаңа стандарттары

Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы: Жарылғыш заттар айналымындағы қауіпсіздіктің жаңа стандарттары

    Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өңірдегі өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында кешенді жұмыстарды бастады. Басты назарда -  жарылғыш заттармен жұмыс істейтін кәсіпорындардағы темірдей тәртіп пен қатаң мемлекеттік бақылау.Басқарма өңірдегі арнайы материалдарды пайдаланатын субъектілердің қатысуымен кезекті техникалық кеңес өткізді. Жиынның күн тәртібінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және өндірістік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Кеңес  қорытындысы бойынша кәсіпорын басшыларына қауіпсіздік шараларын күшейту туралы нақты нұсқамалар берілді.