30 наурыз күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Алтынбекұлы Садырбаевтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жиынның басты мақсаты — бекітілген жоспарға сәйкес нақты тапсырмаларды жүктеу және өнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.
Кеңестің негізгі бағыттары:
Кездесу барысында орын алған құқық бұзушылықтардың статистикасы таныстырылды. Салалық бақылауды күшейту және заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері өз тарапынан көкейкесті сұрақтарын қойып, өндіріс орындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда өзекті мәселелерді шешудің оңтайлы жолдары айқындалды.
Кеңес соңында вице-министр Ерболат Садырбаев мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Ол әрбір қызметкердің негізгі ұстанымы — адал қызмет ету және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болуы тиіс екенін ескертті.