
А.ж. 8 қарашада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің алаңында «Zhenjiang Xinlian Civil Explosive Group Co.» қытай компаниясының делегациясымен халықаралық жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуде Төтенше жағдайлар министрлігінен жағынан: Министрінің қауіпсіздік кеңесшісі С.Ж. Сарсенбаев, ХЫД басқармасының басшысы А.А. Карипбаев, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары К.А. Есенеев, Тау-металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы м.а. М.М. Жумадилов және бас сарапшы І.Н. Абраимов қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелерді, атап айтқанда жарылғыш заттарды әзірлеуге, өндіруге, сатып алуға, сатуға, сақтауға лицензия алу тәртібін талқылау болды.
Келіссөздер конструктивті және іскерлік жағдайда өтті. Екі жақ өнеркәсіптік қауіпсіздікті реттеу саласында тәжірибе алмасты, халықаралық стандарттарды сақтау маңыздылығын атап өтіп, әрі қарай ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.