ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р.К. Дубаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р.К. Дубаевтың Павлодар облысына  жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р.К. Дубаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында Р.К. Дубаев «УПНК-ПВ» ЖШС-не барды. Зауыттың негізгі өнімі - қыздырылған мұнай коксы. Қыздырылған мұнай коксын алу үшін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өндіретін шикі мұнай коксы пайдаланылады. Зауыттың бірқатар қауіпті өндірістік нысандары қаралып, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар кәсіпорын басшылығымен талқыланды.

Бұдан басқа, Р.К. Дубаев Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен кеңес өткізді. Басқарманың инспекторлық құрамымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру тәртібіндегі өзгерістерге қатысты заңнамалық жаңалықтар талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша нормативтік-құқықтық базаның жаңартылған талаптарына сәйкес бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізуге тиімді және уақтылы дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған басым міндеттер белгіленді.