Қауіпсіздік – энергетика секторын тұрақты дамытудың басымдығы

Қауіпсіздік – энергетика секторын тұрақты дамытудың басымдығы

  Алматы қаласында сұйытылған мұнай газы бойынша Алтыншы Азия-Тынық мұхиты көрмесі (LPG Expo – Kazakhstan 2025) өтті. Форумда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, халықаралық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері энергияның өтпелі кезеңіндегі сұйытылған мұнай газының (LPG) рөлін талқылады.

  Форумның халықаралық блогы шеңберінде Үндістан, Жапония және Қытаймен технологияларды дамытуға, LPG өндіру және тасымалдау тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасуға бағытталған перспективалы жобалар қаралды.

  ТЖМ өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету энергетика секторының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып табылатынын атап өтті. LPG өндірісі, қайта өңдеу және тасымалдау көлемінің өсуі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды және авариялық-құтқару қызметтерінің тұрақты дайындығын талап етеді.

  Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында ТЖМ профилактикалық және ұйымдастыру іс-шараларының кешенін жүзеге асыруда:

  - қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпсіздікке мемлекеттік бақылауды күшейту;

  - энергетикалық сектор кәсіпорындарымен жоспарлы тексерулер және бірлескен оқу-жаттығулар өткізу;

  - мониторинг, ерте құлақтандыру және авариялық жағдайларға ден қою заманауи жүйелерін дамыту.

  ТЖМ нормативтік базаны жетілдіру, инновациялық тәсілдерді енгізу және жоғары техногендік тәуекелдер жағдайында бөлімшелердің іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.