«Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен әзірленді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының тиімділігін арттыру және оның уақыт талаптарына үйлестіруді көздейді.
Қоғаммен бұйрық жобаны талқылау үшін 2026 жылдың 04 маусымында Ашық НҚА сайтында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15840479) және 2026 жылдың 04 маусымында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында орналастырылды.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкелмейді.