«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігімен әзірленді.
Жоба өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аттестаттау шарттарын реттейтін заңнамалық нормаларды жетілдіру жолымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында әзірленді.
Қоғаммен бұйрық жобаны талқылау үшін 2026 жылғы «14» мамыр Ашық НҚА сайтында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/list?governmentId=4869186) және 2026 жылғы «14» мамырда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында орналастырылды.