Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының, 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және оның аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспар-кестесінің іс-шараларын іске асыру мақсатында,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларды басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және оның аумақтық департаменттерінде (бұдан әрі – Комитет) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобының құрамы (бұдан әрі - жұмыс тобы) осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Комитеттің жұмыс тобына:

1) 2024 жылғы 25 қыркүйегінен бастап 6 қарашысы аралығында Комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін;

2) 2024 жылғы 8 қарашаға дейінгі мерзімде Комитет туралы жиынтық ақпаратты, аналитикалық анықтамаларды қоса отырып Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберілсін.

  1. Жұмыс тобына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында нормативтік құқық актілердегі және ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауды, оларды жою жөніндегі шаралардың сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етілсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылады өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                          Е. Баймулдинов

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобының құрамы

 

 

Жұмыс тобының басшысы:

 

Самат Косаевич Казакбаев

 

Комитет төрағасының орынбасары

Жұмыс тобының құрамы:

 

Муса Турманович Танабаев

 

Комитет төрағасының орынбасары

 

 

Даулет Маратович Сеилханов

Комитетінің Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы

 

 

Мақсат Кенжеғалиұлы Назаралиев

Комитетінің Мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы 

 

 

Азат Абдуллаевич Тагаев

Комитетінің Атом энергиясы объектілерін және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы

 

 

Еркебулан Сагиндыкович Байболов

Комитетінің Реттеу функцияларын жүзеге асыру басқармасының басшысы

 

 

Венера Сейтказыевна Танекенова

Комитетінің Талдау, жоспарлау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы

 

 

Дария Жусипбековна Мусаева

Комитетінің Кадр және ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының басшысы

 

 

Гүлжаухар Мұхамедәліқызы Мақаш

Комитетінің Қаржылық жұмыс және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы

 

 

Айслу Амантаевна Арстанова

Комитетінің Кадр және ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының бас сарапшысы

 

_________________________________

Дата публикации
19 февраля 2025